Ақтөбе облысындағы мұнай өңдеу зауытында жойқын жарылыс болды


Бір жұмысшы хәл үстінде жатыр. Жергілікті дәрігерлер оны тасымалдауға жарамсыз дегенімен, мұнай компаниясының басшылары Орынбордағы күйік орталығына жөнелтпекші екен. Ал денесінің 40 пайызы күйген бір мұнайшы облыс орталығындағы ауруханаға жеткізіліп, тағы біреуі Қандыағаш қаласында ем алуда. Кеуде тұсы күйген төртінші адам алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілген. Қазір оқиға орнында тексеру жүріп жатыр.