Ақтөбе облысындағы мұнай-кен орнында бір жұмысшы қаза болып, біреуі ауруханаға түсті

Бұл туралы Диапазон басылымы хабарлады.

Оқиға 22 ақпанда сағат 18:24-те Жаңажол мұнай-кен орны аумағында  болған.

«Кен орнында бұған дейін шағын жөндеу жұмыстары жүргізіліп, екі жұмысшы насостың қалай жұмыс істеп жатқанын тексермек  болған. Бұл насос техникалық суды айдайды. Сол жерде газ шыққан»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Бауыржан Оразаев.

Оқиға салдарынан 54 жастағы ер адам қайтыс болды. Ал 46 жастағы екінші жұмысшы Кеңқияқ ауруханасында жатыр. Екі жұмысшы да слесарь болып жұмыс істеген.


Еңбек кодексі бойынша 10 жұмыс күні ішінде оқиғаның нақты себебі анықталады. Комиссия қорытындысы ішкі істер органдарына жіберіліп, тергеуді құқық қорғаушылар жалғастырады.