Ақтөбе облысындағы темір жолдарда жыл басынан бері 12 адам қаза тапты

Бес адам өз өмірін өзі қиса, төрт жағдайда оқыс оқиғалар мастықтың салдарынан болған.

9 дерек жолдың Ақтөбелік бөлігінде , қалған үш оқиға да Орал бөлігінде болған.
10 айдың жұмысын қорытындылаған магистральдық темір жол желісінің Ақтөбе облыстық бөлімі аталмыш оқиғаларға азаматтардың абайсыздығы мен шойын жолдан өту тәтіптеріне бағынбаудың кесірі тигенін атап көрсетті.
Мамандардың айтуынша, темір жолдарды бойлай қауіпсіздік белгілері ұдайы жаңартылып отырады.