Атап айтқанда, БАҚ өкілдерімен кездесуде журналистердің сауалдарына жауап беру кезінде, облыс басшысы қазіргі уақытта Ақтөбеде салынып жатқан 25 қабаттық ғимарат бір жағына қарай 20 см-ге қисайыпты деген қаңқу сөздерге қатысты "Ақтөбе ажары" тұрғын үй кешенінде салынып жатқан 25 қабаттық биік үйдің ауытқу мөлшері 5-15 мм-ден аспайтынын атап өтті.
"Бұл 0,5-3 см аралығында ғана. Бұған құрылыс нормалары бойынша жол беріледі", - деп атап көрсетті облыс басшысы.