Caravan Logo

Ақтөбе облысының әкімі қаза болған шекарашылардың отбасыларына көңіл айтты

Ақтөбе облысының әкімі қаза болған шекарашылардың отбасыларына көңіл айтты

Қаза болған 27 адамның екеуі - Ақтөбе облысының тұрғындары. Олар - подполковник Асуан Айтманбетов пен лейтенант Анатолий Филипко.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Ақтөбеде тұратын Айтманбетовтің және Алға ауданындағы Филипконың отбасыларында болды. Әкімдік әр отбасына 1 млн. теңгеден материалдық көмек берді.

Еске сала кетейік, авиаапат 25 желтоқсан күні болды. Ұшақ Шымкент әуежайына 20 шақырымға жуық қалғанда жерге соғылып, отқа оранды. 27 адам, 20 әскери қызметші мен 7 экипаж мүшесі қазаға ұшырады. Апаттың себеп-салдарын арнайы ведомствоаралық комиссия анықтауда. Бұдан бұрын ҰҚК төрағасы Н.Әбіқаев ұшақ күрделі метеожағдайда ұшқанын атап өткен болатын.