Ақтөбе облысының әкімшілігі 8,6 млрд теңгеге жергілікті және республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге ниет танытып отыр

"Көрсетілген сомадан жергілікті деңгейдегі маңызы бар жолдарды салу мен жөндеуге 5 млрд теңге, ал республикалық маңызы бар тас жолдарды жөндеуге 3,6 млрд теңге жұмсалады", - деп атап көрсетті облыс әкімі.

Бұл ретте облыс әкімі тас жолдардың жағдайы соңғы 3-4 жылда айтарлықтай өзгергенін атап көрсетті.