Ақтөбе облысының аудандық ауруханасының қазандығында екі мәйіт табылды

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 2 сәуірде 12 сағат 25 минутта орталық аудандық ауруханасына қарасты Шұбарқұдық аулының қазандық ғимаратының ішінде қазандық операторы мен күзетшінің денелері табылды. Баспасөз қызметі хабарлағанындай, өлімнің себеп салдары анықталып жатыр.