"Біз ондағы жағдайды саралау үшін тәуелсіз комиссия құрдық. Оған арнайы қаражат бөлінген. Комиссия ол жер шынымен де ластанған ба және бұлаққа бұрғылау жұмыстары қаншалықты әсер ете алады деген сауалдарға жауап іздейді", - деп атап көрсетті әкім.
Е. Сағындықов атап өткендей, қазіргі басшылық Көкжидені ластауға ешкімге де мүмкіндік бермейді. Ауыз судың ұлан-ғайыр қорының арқасында бұл жер арнайы үкіметтің ерекше қорғалатын аймақтар тізіміне енгізілген.