Ақтөбе облысының басшылығы коммуналдық қызметтерді жергілікті бюджеттің есебінен толық тегін тұтыну құқығына ие тұлғалардың тізімін ұлғайтты

Ақтөбе облыстық әділет департаментінің нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің төрайымы Лилия Хисматуллинаның айтуынша, ендігі жерде радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери нысандардағы апаттардың және ядролық сынақтардан мүгедектікке шалдыққандар тұтынған газ, жылу, ыстық және суық су, кәріз, тоқсаты мен телефон байланысы үшін ақы төлемейді. Бұл қамқорлықты жергілікті бюджет өз мойнына алып отыр".

Сөйтіп, осы санаттағы мүгедектер коммуналдық қызмет төлемдерінен толық босатылғандардың тізіміндегі он екіншісі болды.

Бұл мақсатқа 2007 жылы бюджетте 1,2 млрд астам теңге қарастырылған. Биылғы жылы да осындай ақша бөлу жоспарлануда.