Ақтөбе облысының басшылығы мүгедек балаларға қосымша жәрдемақы төлемекші

Облыс әкімінің баспасөз хатшысының айтуынша, мүгедек балалар мемлекет төлеп отырған жәрдемақының сыртында қосымша 3 мың теңге алатын болады. "Облыстық бюджеттен төленетін қосымша төлемақылар 1-шілдеден бастап осы жылдың аяғына дейін төленеді",- деді баспасөз хатшысы. Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен Ақтөбе облысында 1435 мүгедек бала бар.

Сонымен бірге ертеректе облыстық бюджет Ұлы отан соғысының ардагерлері, олардың жесірлері мен интернационалист-жауынгерлердің коммуналдық қызмет ақысын өз мойнына алған болатын. "Олар ыстық су, жылу, абоненттік телефон байланысы, кәріз жүйесі мен газдың төлемінен өмір бойы босатылды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті