Ақтөбе облысының қаржы полициясы жол полициясының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғады

Атап айтқанда, осы мекеменің баспасөз хатшысы Әнуар Добрашев хабарлағандай, облыстық экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті мына жайтты анықтаған: облыстық ІІД Жол полициясы басқармасының аға инспекторы жергілікті тұрғындардың біріне жүргізу куәлігінсіз көлік басқаруға рұқсат берген. "Солай істей тұра, көлік иесінің Ақтөбе қалалық сотының үкімімен көлік құралын басқару құқынан айрылғанын күдікті жақсы білген", - деді Ә. Добрашев.

Қазіргі уақытта, осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 308 бабы (Билігін немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.