"Біз оны келіп түскен жедел ақпаратқа сәйкес ұстадық",- деп түсіндірді баспасөз қызметінің бастығы Алмат Иманғалиев. Оның айтуынша, тінту барысында күдіктіден 7,62 мм калибрлі 808 дана оқ салынған жәшік тәркіленген.
Сонымен қатар, полицейлер аңшы мылтығының бес ұстағышы мен бес шомпол, 13 оқ тапты. Қазіргі уақытта ұсталғанның үстінен қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде. "Сонымен қатар осынау қаруды тасымалдау арнасы мен сатып алу көзін анықтау жүргізіліп жатыр",- деп атап өтті Алмат Иманғалиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті