Ақтөбе өңірінің шағын және орта бизнесін қолдауға биыл әртүрлі көздерден 5 млрд теңге бөлінеді

"Қазіргі уақытта шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жергілікті атқару органдары олардың дамуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасауда", - деп атап көрсетті облыс басшысы. Ол сонымен қатар, көмектің құрылыс саласы болсын немесе басқа сала болсын, барлығына көрсетіліп жатқанын жеткізді.

Оның айтуынша, қазір барлығы қаржылық дағдарысты сөз еткенімен, былтырғы жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда Ақтөбе облысында биылғы жылдың алғашқы тоқсанында қаржыландыру көлемі азаймаған.