Ақтөбе полициясы 28 Тәжікстан азаматын ел аумағынан шығарды

"Бұлар негізінен 5-6 жас шамаларындағы 20 бала мен 8 ересек адамдар. Ересектердің үшеуі ер адам, қалғандары әйелдер", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің инспекторы Ерболат Сарқұлов.

Оның айтуынша, "Тәжікстан азаматтары Ақтөбеге бірнеше күн бұрын келіп, мұнда ұзақ уақыт аялдамақ болған. Ол үшін олар пәтер жалдап алған".

"Алайда, олардың құжатарын тексере келе біз олардың миграциялық карточкаларында көрсетілген сапар мақсатымен сәйкессіздіктерді анықтадық. Атап айтқанда, шетелдіктер мұнда жеке сапармен келдік деп көрсеткен. Ал шындығында олар қайыршылықпен айналысқан", - деп атап көрсетті баспасөз қызметінің инспекторы.

Ақтөбе қаласының соты Тәжікстан азаматтары туралы істі қарап, оларды ел аумағынан шығарып жіберу туралы шешім қабылдады. Содан кейін олар "Ақтөбе - Маңғыстау" пойызымен депортацияланды, деп атап көрсетті департаменттегілер.