Биыл 30-шы рет өтіп жатқан бұл байрақты бәсекеге жарыс қожайындары үш, Атырау мен Ақтау екі-екіден және Қазалыдан бір команда қатысқан болатын. Кеше жартылай финалда "Ақтөбе-97" мен "ОСДЮШОР-97" командары кездесіп, ойын 2:1 есебімен аяқталды. Ал "Атырау-97" мен "Каспий-97" арасындағы ойында жеңімпаз 11 метрлік пенальти сериясында ғана анықталды. Онда атыраулықтардың мерейі үстем шықты. Енді ақтық сынға жолдама алған "Ақтөбе-97" мен "Атырау-97" командалары арасындағы кездесуде басым түскені турнир жеңімпазы атанбақ.