Ақтөбе қалалық соты ҚХР-да өндірілген темір жол вагондарын пайдалануға салынған тыйымды қолдады

"Кеше Ақтөбе қаласында аталмыш вагондарды пайдалануды тоқтата тұру туралы санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау органының шағымы бойынша өткен сот мәжілісі аяқталды. Сот мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау органының ҚХР-да өндірілген темір жол вагондарын пайдалануға салынған тыйымға қатысты іс-әрекеттерін қолдап, "Қазақстан темір жолы" компаниясына барлық айтылған ескертпелерді жою үшін тиісті жұмыстар атқаруды тапсырды", - деді А. Белоног.

Сонымен бірге оның хабарлауынша, кеше Алматыдағы экономикалық сотта осы тектес шағым қарала бастады "және бірнеше күннен кейін осындай сот Астанада да өтеді".

"Біз мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау органының қадамдарын барлық құқық қорғау және сот органдары қолдайды деп сенеміз", - деді бас санитарлық дәрігер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті