Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, сот шешімімен полиция подполковнигі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 103 бабы 3 тармағында (Абайсыздықта жәбірленушінің өліміне алып келген денсаулыққа әдейі ауыр залал тигізу) және ҚР Қылмыстық кодексінің 308 бабы 4 тармағында ("а", "в" пункттері) (Өз өкілеттілігін асыра пайдалану) қарастырылған қылмыстарға кінәлі деп танылды.
"Сот үкімімен оған 9 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Белгіленген мерзімді сотталушы жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады", - деп хабарлады экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз хатшысы Әнуар Добрашев.
Сонымен қатар, сот полиция подполковнигінен жәбірленушінің өкілінің пайдасына 681,1 мың теңге көлеміндегі материалдық шығынды, сондай-ақ, 5 млн теңге көлеміндегі моральдық шығынды өндіріп алу туралы шешім қабылданды. Үкім заңдық күшіне енгізілді.