Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында төрт далалық өрт шықты

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақтөбе облысының Тамды және Бестамақ ауылдық округтерінде 29 шілдеде шыққан өрт 30 шілдеде сөндіріліп, 400 гектар аумақты шарпыды.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысының Хобда ауданында 29 шілдеде 1500 гектар аумақта дала массиві өртенді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысы Жезқазған қаласының Кеңгір ауылдық округінде 30 шілдеде 5860 гектарда, Павлодар облысының Успенский ауданы Успенский ауылдық округінде 1200 гектар аумақта далалық өрт шықты. Өрттердің бәрі сөндірілді.