Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында 12-қыркүйекте 800 гектар жерді шарпыған өрт шыққан. Өрт 13-қыркүйекте 02 сағат 10 минутта ауыздықталды. "Өртті сөндіруге Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 10 адамы мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды",- деп түсіндірді баспапсөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында 2000 гектар аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Өрт сөндіруге 48 адам және 5 техника жұмылдырылған, оның 6 адамы мен 1 техникасы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметіне тиесілі.
Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Павлодар облысының Марғұлан ауылдық округінде 12-қыркүйекте 10.05 ауданы 1200 гектарға жеткен өрт шыққан. "Өрт сөндіруге 39 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылған, оның 19 адамы мен 5 бірлік техникасы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметіне тиесілі",- деп хабарлады минстрліктен.
Сондай-ақ, Павлодар облысының Куркулинский ауылдық округінде жалпы ауданы 500 гектарды құраған өрт ауыздықталды. Өрт сөндіруге 42 адам және 15 бірлік техника жұмылдырылған, оның 14 адамы мен 5 бірлік техникасы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметіне тиесілі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, Павлодар облысының Луговский ауылдық округінде, Тоғзақ аулында 11.55-те астық дақылдарында жалпы ауданы 190 гектарды құраған өрт шықты, олардың 120 гектары арпа және 70 гектары аңыз. "Өрт осы күні 18.20 ауыздықталған. Өрт сөндіруге 17 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылған, оның 7 адамы мен 1 бірлік техникасы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметіне тиесілі",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті