Ақтөбе су қоймасы маңынан ер адамның мәйіті табылды

Жасы 25-30 жас шамасындағы, азиат нәсілді жігіттің денесінде жарақат белгілері болған, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 106-бабының 3-тармағы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған қылмыстық іс-әрекеттер» бойынша сот алды тергеу амалдары басталды. Істің мән-жайы анықталып жатыр», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Нұргүл Қонақбаева.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталған. Алайда, облыстық ішкі істер департаменті мамандары мұны нақтыламады. Ал, куәгерлердің айтуынша, 33 жастағы жігіт өз кінәсін мойындаған.