Облыстық соттың xабарлауынша, олар жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот үкімі бойынша мүлкі тәркіленіп, зардап шегушіге 300 мың теңге көлемінде моральдық шығын мен 2 млн теңге материалдық шығын төлеуі тиіс.
Іс материалдарына сүйенсек, ұрылар жергілікті тұрғындардың бірін аңдып жүріп, 3 млн 700 мың теңгесін тартып алған.