Ақтөбе тұрғыны өзінің Ұлы Отан соғысына қатысқанын сот арқылы дәлелдеді

Сот талқылауында Қ. Тәжіғалиев 2005 жылдан бастап ҰОС-қа қатысушы мәртебесін заңдастыру үшін бірнеше рет жүгінгенін анықтады, ол шағымдарына бас тартқан жауап алып отырған, деп хабарлады облыстық сот баспасөз қызметінен.

Қ. Тәжіғалиев әскери қызмет өткеру кезеңінде Австрия, Чехославакия, Венгрия, Польшада соғыс қимылдарына қатысқан. Оған 1945 жылғы 9 мамырда  КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы  «1941-1945 жж. ҰОС-та Германияны жеңгені үшін» медалін табыстаған.  Осыған қарамастан, осы жылдар бойы ол тыл еңбеккері ретінде ғана жәрдемақы алып келген. Себебі соғыс аяқталғаннан кейін ұлттық дәсүрлерге сәйкес оның тегі мен есімі өзгертілген екен.

Соның салдарынан ардагер ҰОС 70 жылдығын мерекелеу барысында  жеңілдіктер мен наградаларды ала алмады.


Сот шешімімен Департаментке жазған Қ. Тәжіғалиевтің талабы қанағаттандырылды.

Департаменттің 19451-1945 жылдары ҰОС-қа қатысушы мәртебесін танудан бас тарту әрекеті заңсыз деп танылды.

Сот мемлекеттік органды  ҰОС ардагері мәртебесін растайтын құжат беру арқылы өтініш берушінің бұзылған құқығын жоюға міндеттеді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.