Caravan Logo

Ақтөбе тұрғыны Владимир Путинді сынағаны үшін сотталып жатыр

Ақтөбе тұрғыны Владимир Путинді сынағаны үшін сотталып жатыр

ҰҚК Ақтөбедегі департаментінің қызметкерлері Досовтың жазбаларын өткен жылдың соңынан бері мұқият қарап отырған екен6 деп жазады Ratel.kz. Айыпталушының айтқандарына тоқталсақ, ол әлеуметтік желідегі бір сөзінде былай деген: "Путин елді қиратып жатыр! Ешкім де шабуыл жасамайды. Ертең халық түсінсе, бірдеңені өзгерту қиын болады! Орыс, өз жеріңдегі фашизмді тоқтат!"

Оның Путиннің қытығына тиетін осы секілді сөздері көп. Солардың бәрі жинала келіп, биыл шілде айында Санат Досовқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Құзырлы органдар оның жазбаларында әлеуметтік араздықты қоздыратын сөздер бар деп тауыпты. Ал айыпталуышының өзі араздық тудыратын ойым болған жоқ деп отыр.