Ақтөбе түрмесінен қашып кеткен қылмыскер Маңғыстау облысында қолға түсті

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 23 жастағы абақты тұтқыны түрме аумағынан тысқары жердегі құрылыс нысанында жұмыс істеп жүрген жерінен қашып кеткен болатын.

Кісі өлімі мен бірнеше тонаушылық әрекеттері үшін жазаланған қылмыскер 15-шілдеде Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында көңілдесінің пәтерінен ұсталды.
Тінту нәтижесінде одан пышақ тәркіленді.