Caravan Logo

Ақтөбе жағажайында құм астында қалған сәби жансақтау бөлімінде жатыр

Ақтөбе жағажайында құм астында қалған сәби жансақтау бөлімінде жатыр

 Ақтөбеде жағажайда құмды топырақтың опырылуынан зардап шеккен 10 айлық қыз, дәрігерлердің сөзіне сүйенсек, бір қалыпты ауыр хәлде жатыр, деп хабарлайды Sputnik "Хабар 24" телеранасына сілтеме жасап.

Бұдан бұрын хабарланғандай, оқиға жексенбі күні 12.47-де Ақтөбе су қоймасындағы "Інжу" атты жеке меншік жағажайда болған. 2016 және 2017 жылдары туған екі қызды құтқарып алды, екеуі де жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.

"Бала сынық жарақатын алып, ішкі органдарына зақым келген, жарақатының ауырлығын ескере отырып, сәбиді жансақтау бөліміне жатқыздық, оған шокқа қарсы терапия жасалды. Баланың көрер жарығы бар екен, қасында болған анасы соққының негізгі күшін денесімен көлегейлеп, сәби жай ғана топырақ пен құмға көміліп қалыпты", — деп мәлімет берді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сағидолла Досмағамбетов.