Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында дала өртенді

Мекеме ақпаратына сәйкес, Ақтөбе облысында Дон ауылдық округі мен Жамбыл ауылдары арасында 9 қазанда 18 сағат 40 минутта 900 га аумақта дала өртенді. "Өрт 23 сағат 43 минутта сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ-нің 7 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысының Семеновский ауылдық округінде 9 қазанда 16 сағат 40 минутта 1000 га аумақта өрт шықты. Өрт 9 қазан күні 21 сағатта сөндірілді. "Өртті сөндіруге 17 адам мен 6 техника, соның ішінде ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 7 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды", - деп хабарлайды мекеме.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті