Мекеме ақпаратына сәйкес, Ақтөбе облысында 10 қазанда 15 сағат 50 минутта 300 гектар аумақта өрт шықты.
Өрт сол күні 21 сағатта сөндірілді. "Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ал Шығыс Қазақстан облысында 9 қазанда 16 сағат 40 минутта 1000 гектар аумақта далалық өрт шықты.
Өрт 10 қазанда 08 сағат 30 минутта сөндірілді. "Өртті сөндіруге 17 адам мен 6 техника, соның ішінде ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 7 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды", - деп хабарлайды мекеме.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті