Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің өкілдері аймақтардағы әлеуметтік-еңбек қатынастары мен әлеуметтік әріптестікті дамыту жағдайлары туралы үкіметке есеп берді

Мәжіліс барысында Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдерінің орынбасарлары аймақтардағы әлеуметтік-еңбек қатынастары мен әлеуметтік әріптестікті дамыту жағдайлары туралы есеп берді.

Мәжіліске қатысушылар еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында өткір проблемалар туындап отырғанына тоқталды.
Тараптардың пікірінше, құрылыс саласындағы оқыс оқиғаларға негізгі себептері еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы, мамандардыкәсіби шеберлігінің төмендігі, олардың тиісті нұсқаулықтарды пайдалануға салғырттығы және жұмысқа қабылдауда қауіпсіздік жөніндегі оқыту жұмыстарының жеткіліксіздігі болып табылады.
Мәжіліс барысында жұмыс берушілерге, салалық министрліктерге, құрылыс ісі жөніндегі комитетке, облыстық үшжақты комиссияға арналған нұсқаулар қабылданды. Жиынға қатысушылар жауапты тұлғаларды еңбек туралы және еңбекті қорғау туралы, сондай-ақ дер кезінде еңбекақыны төлеу туралы заңнамаларды қалтқысыз орындау мәселелеріне аса назар аударуға шақырды.