“Ақтөбе” жанкүйерлеріне жаңа ойыншыларды таныстырды

Жеңілген күнде Гагарин кубогынан күдер үзетінін жақсы түсінген   астаналықтар мақсаттың үдесінен шыға білді. Кезекті шабуылдың бірінде  «Салават Юлаевтың» қақпасын дәл көздеген Константин Руденко өз командасын  алға шығарды. Бірақ реті келгенде ебін тапқан қонақтар араға жеті минут салып таразы басын теңестіріп кетті. Бұл эпизодта Вишневский мергендік танытты. Кездесудің екінші бөлігін ширақ өткізген «Барыс» көп ұзамай таблодағы есепте қайта алға шықты. Константин Руденко мен Брэндон Боченски ұйытқы болған комбинацияға Дастин Бойд нүкте қойды. Осы нәтиже ойын соңына дейін өзгере қойған жоқ. Екі команда арасындағы келесі бәсеке 29- наурыз күні Уфа мұз айдынында жалғасын табады.

 

“Ақтөбе” футбол клубы жанкүйерлеріне жаңа ойыншыларды таныстырды. Қаладағы сауда орталықтарының бірінде ел чемпиондары сондай-ақ көпшілікке өткен маусымдағы ұтқан жүлделері мен биылғы супер кубокты жиылғандар назарына ұсынды.

“Ақтөбеге” жақында қосылған Павел Шабалин, Валери Коробкин, Игорь Зенкович, Тарас Царикаев, Маркос Пизелли және Данило Некоға клуб басшылығы салтанатты түрде жаңа жейде сыйлады. Ал футболшылардың атынан сөз алған команда капитаны Петр Бадло “Ақтөбе” биыл да жасыл алаңда аянып қалмайтынын жеткізді. Мұны естіген жанкүйерлер ұрандатып, сауда орталығын басына көтерді.      


 

28-30 наурыз күндері Түркияның Самсун қаласында дзюдодан кезекті Гран-при бәсекесі өтеді.

Ұлттық құраманың бас бапкері Ермек Имамбеков Самсундегі дзюдошылар додасына қатысатын спортшыларды атады. Байрақты бәсекеде ел намысын 60 келіде Елдос Сметов пен Асхат Тельманов қорғайды, 73 келі салмақта Дастан Ықыбаев, Ертуған Төренов, 81 келіде Әзиз Қалқаманұлы, Әділет Мисин, 90 келі салмақта Тимур Болат және аса ауыр салмақта Ержан Шынкеев пен Руслан Әбдіразақов өнер көрсетеді.