Ақтөбе жылу электр орталығын АПК 2,4 млрд. теңгеге сатып алды



"Ақтөбе жылу электр орталығы" ЖАҚ-ның уақытша басқарушысы Вильгельм Франстың айтуынша, аукциондық саудаға 5 кәсіпорын қатысты. Олар алдын-ала кепілдік жарна енгізіп, Жылу электр орталығын жаңалау және оның қуатын арттыруға қатысты өз жобаларын ұсынды. Сауда-саттық барысында "Алматы Пауэр Консолидейтед" (АПК) энергетикалық компаниясы артық деп танылды, деді басқарушы.
Журналистермен кездесуде АПК өкілдері компания тарапынан Ақтөбе жылу электр орталығын дамытуға 11 млрд. теңге жұмсалатынын хабарлады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, тендер шартына сәйкес, орталықтың жаңа қожайыны сатып алған кәсіпорынның барлық берешектерін өзіне жүктеп алуға тиіс. Соның ішінде өндірісте денсаулығынан айрылғандар мен қаза тапқандардың отбасыларына берешек 7 млн. теңге көлеміндегі регрессивті қарызды да өз мойнына алуға тиіс. Ал басқа берешектерге келсек, кәспорынның жалақы берешегі 50 млн. теңгені; жылу электр орталығының банктерге берешегі 1,5 млрд. теңгені; бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешек 152 млн. теңгені; түрлі шаруашылық субьектілерінің, соның ішінде қамтамасыз етушілер алдындағы берешек 1,5 млрд. теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті