Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолы жиырма жылдан астам уақыттан бері жөндеу көрмеген

Ақтөбе мен Атырау облыстарын Ресейдің Астрахань өңірімен байланыстырып жатқан республикалық жол күрделі жөндеуді талап етеді. Бұл туралы Атырау облысы прокурорының орынбасары Серік Шалабаев мәлім етті.


           «Бұл жолда 25 жылдан астам уақыттан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Оның ұзындығы 1003 шақырым», - деді ол үйлестіру кеңесі отырысында.
           Прокурордың айтуынша, жарты жыл ішінде тас жолдың Атырау облысындағы бөлігінде өте көп апат болған. «Соның он бесі жолдың нашарлығынан, яғни, жолдағы шұңқырлардың кесірінен болған», - деп атап өтті ол.