Ақтөбеде 10 имам аттестациядан өте алмай қалды

ҚМДБ жуық арада аттестациялық комиссия шешімінің негізінде облыс мешіттерінде ауыс-түйіс болатынын айтады. Ауыс-түйіс болатынын 29 қыркүйекте аймақтың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу жобасы аясында Ақтөбеге Астанадан келген арнайы топтың өкілі, дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің вице-министрі Марат Әзілханов хабарлаған еді. "ҚМДБ өкілі өзімен бірге бес имам ала келді. Олар жуық арада Ақтөбенің мешіттеріне тағайындалады" деген Марат Әзілханов облыстық әкімдікте өткен жиында.

Ақтөбе облыстық «Нұрғасыр» мешітінде өткен аттестацияға жалпы саны 61 имам қатысқан. ҚМДБ олардың тоғызы ғана үздік шыққанын айтады. Ал 14 имам түрлі себептермен сынаққа келмей қалған.