"Басқарманың қаржылық-экономикалық бөлімінің аға инспекторы ағымдағы жылдың қаңтар және маусым айлары аралығында өзінің қызмет бабын пайдаланып, осы бөлімнің бір маманына екі тұлғаның дербес карточкалық есепшотына 250 мың теңгеден астам қаржыны аударуға негізсіз нұқсау берген", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің мәліметіне сәйкес, есепшотына қаржы аударылған адамдардың Мамандандырылған күзет қызметі басқармасына ешбір қатысы жоқ, яғни, олар мекемеде штатта қызмет атқармаған.
Сонымен бірге, қаржы полициясының хабарлауынша, күдіктінің тапсырмасымен шататтағы қызметкерлерге төленетін жалақы көлемі "электронды тасымалдағыштардағы жалақы көлеміне өзгерістер енгізу арқылы" негізсіз көтерілген. Ол қаржы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының штатында қызмет атқарған басқа үш адамның карточкалық есепшоттарына аударылған. Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің мәліметіне сәйкес, артынан осы аударылған ақша күдіктіге беріліп, әлгі оны иемденіп алған.
Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментіндегілердің күдігіне сәйкес, сөйтіп, басқарманың аға инспекторы жалпы алғанда 1,8 млн астам теңгені жымқырып кеткен және сол арқылы мемлекетке үлкен шығын келтірді. Қазір басақарма қызметкерінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 176-шы бабының 3 -тармағының "б" және "г" тармақшалары бойынша ақша жымқыру дерегіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті