Ақтөбеде 18 жастағы студент жоғалып кетті

Жігітті еріктілер де іздеуге кіріскен. "20 мамырға еріктілер қажет. Бізге адамдар жетіспей жатыр, қосылыңыздар. Аяқ киім мен киім жылы болсын. Бей-жай қалмаңыздар. Байланыс телефоны - 8775 6459654", - делінген Instagram желісіндегі Zello Aktobe парақшасындағы хабарламада.

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдин 17 мамырда іздестіру ісінің қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.

Толығырақ:https://kaz.tengrinews.kz/events/aktobede-18-jastagyi-student-jogalyip-kett-269827/


Толығырақ:https://kaz.tengrinews.kz/events/aktobede-18-jastagyi-student-jogalyip-kett-269827/