Ақтөбеде 2 мыңдай әйел құжаттарды рәсімдеудегі қиындықтарға байланысты жаңа туған сәбидің бағым-күтіміне арналған жәрдемақыны ала алмай отыр

Оның айтуынша, биылғы жыл басынан бері Ақтөбеде 4206 бала туған. Алайда, 2200 баланың ата-анасы ғана бір мәрте ақшалай жәрдемақыға қол жеткізді. Басқа ата-аналар жеке құжаттарына қатысты қиындықтар салдарынан мемлекет бөлген ақшаны ала алмай отыр.

Ө.Үркімбаевтың айтуынша, ақшалай жәрдемақыны рәсімдеуге көбінесе ата-аналардың қалада тіркеуде тұрмауы кедергі келтіруде. Ал бір жылдан кейін ата-аналар жәрдемақыны алу құқығынан айрылады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, үкімет қаулысына сәйкес жаңа туған сәбидің бағым-күтіміне арнап бір мәрте берілетін жәрдемақының мөлшері ең төменгі 15 айлық есептік көрсеткішке тең. Бүгінде бұл сома 13785 теңгені құрайды.