Ақтөбеде 2010-жылға дейін әділет қалашығын салу межеленген

Қалашықты қазіргі облыстық соттың ғимаратын қоршай шоғырландыру көзделген: бұл жерде қалалық сот, экономикалық сот, әкімшілік сот пен Ақтөбе облыстық соттарының әкімшілігі орналасады. "Қазір бұл соттар облыс орталығының түрлі аудандарында бытырай орналасқан. Ал қалашық орнату - ақтөбеліктердің игілігі үш жасалатын қадам",- дейді облыстық соттағылар.

Әділет қалашығы қазіргі заманғы техникамен жарақтанады. "Бұл мақсатқа қаржы не жергілікті бюджеттен бөлінеді, не болмаса, демеушілердің көмегі пайдаланылады",- деді ақпарат көзі.

Ал әзірге жергілікті әділет мекемелерінің материалдық-техникалық қамтамасыздығы сын көтермейді. "соттарда тіпті кеңес құратын бөлмесі де жоқ", деп кейіді Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұхтар Есжанов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті