Ақтөбеде 29 жастағы жігіт өз әкесін ұрып-соғып өлтірді

17 желтоқсан күні 64 жастағы әйел жұбайының мерт болуы туралы айтып жедел жәрдемге хабарласты.

ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, оның денесін ашу өлімнің жабық бас-ми жарақатының, қабырғаларының көптеген сынықтары, бауырының жарылуынан болғанын көрсетті.

Аталған қылмысты жасады деген күдікпен жәбірленушінің 29 жастағы баласы ұсталды. 14 желтоқсанда оның отбасылық ұрыс кезінде әкесін соққыға жыққаны анықталды.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 103 бабының 3 бөлімі («Адамның өліміне әкеліп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру») бабымен қылмыстық іс қозғалды, күдікті азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұған дейін ол бұзақылық үшін сотталған еді.