Ақтөбеде 30-ға жуық сайт бұғатталды

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Ақтөбе облыстық прокуратурасының хабарлауынша, бұғатталған сайттардың көбі бөтеннің мүлкін тонауға итермелейді.

- Сот шешімімен бұғатталған сайттар тыйым салынған заттарды саудалаған. Мысалы, автокөлікке орнатылған күзет жүйесін сканерлейтін кодграберлер мен құлыптарды кедергісіз ашатын кілттер жиынтығын сатқан. Біз ұсынған материалдарды саралай келе сот шағымды қанағаттандырды, - деп хабарлайды Ақтөбе облыстық прокуратурасы.

Прокуратураның мәліметінше, азаматтар аталған сайттардан тыйым салынған тауарларды сатып алған және оларды пайдаланып та үлгерген. Осыған орай жүріп жатқан жедел іс-шараларды прокуратура бақылап отыр.