Ақтөбеде 6 жасар қызды зорлап кетті

Бұл туралы “Диапазон” хабарлайды, деп жазады stan.kz.

Қайғылы оқиға 15 қыркүйек күні шамамен кешкі сағат 9-да бүлдіршін тұратын жеке меншік үйде орын алды. Зорланған қызды сарайдан оның 10 жасар ағасы тауып алған, артынша тез арада болған жағдайды ата-анасына жеткізген. Баланың ата-анасы полицияға шағым түсірді. Сот-медициналық сараптама баланың зорланғанын растады. Жәбірленушіні ауруханаға апарудың қажеті болмаған, алайда қазір бүлдіршінмен психологтар жұмыс істеуде.


Басылымның хабарлауынша, күдікті тез арада қолға түскен. Қылмыскер –  қыздың өгей әкесінің інісі болып шықты. 30 жастан енді асқан ер адам сол күні туыстарына қонаққа келген.