Ақтөбеде 7 сынып оқушысы мектептің терезесінен секіріп кетті

Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға сәрсенбі күні түскі үзіліс кезінде болған. 13 жасар бозбала білім ошағының 3 -қабатының терезесінен секіріп кеткен. Оқиғаға оның құрбы-құрдастары куәгер болған. Қазір бала басы мен ішкі құрылыс жарақаттарымен облыстық жедел жәрдем ауруханасының реанимациялық бөлімінде жатыр. Оқианың себептері тексерілуде.