Ақтөбеде 700-ден астам медицина қызметкерінің жалақыларын кешіктірген

"Тексеру барысында прокуратура қалалық денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерінің еңбегіне жалақы төлеу бойынша еңбек туралы заңның талаптары өрескел бұзылғандығын анықтады", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Тексеру жүргізу кезінде Ақтөбе "Жедел жәрдем қызметінің ауруханасы" МҚКК 665 қызметкеріне 2007 жылдың желтоқсан айындағы жалақылары төленбеген. Айлық жалақы бойынша қарыз көлемі 21 млн 541 мың теңгені құраған.

Сондай-ақ, "Облыстық балалар клиникалық ауруханасы" МҚКК 76 қызметкеріне де 2007 жылдың желтоқсан айындағы жалақылары төленбеген. Аталмыш мекемеде жалақы қарызы 2 млн 138 мың теңгені құраған.

Аталмыш дерек бойынша Ақтөбе прокуратурасы Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау департаментінің директорының атына заң талаптарының бұзылуын жою жөнінде ұсыныс енгізген.

"Ұсынысты қарау нәтижесі бойынша аталмыш медицина мекемлерінің барлық қызметкерлеріне 23 млн теңгеден астам көлемде жалақылары төленді. Сонымен бірге, денсаулық сақтау департаментінің директорының бұйрығымен медицина ұйымдарының бас дәрігерлеріне ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.