Тұңғышынан айрылған Сабина Көксегенованың аядай ғана бөлмесінен шыққысы жоқ. Себебі табалдырықтан аттаса болды, үй жанындағы баласын жаншып тастаған қабырғаны көріп, көңілі босайды. Сабақтан келген ұлы көрші мекеменің іргесінде ойнап отырған. Ойламаған жерден тас қабырғалар опырылып, баланы басып қалыпты.
Сәбина Көксегенова, Рустамның анасы:
-Баламның ыңырсып жатқанын осы маңнан өтіп бара жатқан оқушылар естіп қалыпты. Үш адам болып плитаның астынан аршып алдық. Өті жарылып, бауыры мен өкпесі езіліп қалыпты. Дәрігерлер аман алып қала алмады.
Бұл маңда ойын алаңы болмағандықтан, балалар үнемі осы жерге жиналады екен. Ересектер қабырға жанына жолмаңдар деп талай жалындық дегенді айтады.
-8 жасар Рустамның өлімінен соң мекеме басшылары қоршаудың қауіпті екенін айтып, арнайы ескерту іліп қойыпты. Дегенмен тұрғындар бұл тас қабырғаларды мүлдем алып тастауды талап етіп отыр. Себебі, тағы бір жеткіншек астында қалып майып болар деп қауіптенеді.
Қара жамылған отбасы осы оқиғаға қоршауын уақытылы жөндемеген «Қазгеофизика» компаниясын айыптап отыр. Бірақ оның басшыларын табу қиын.
-Жаңа жұмыстан кетті. Сол жағынан түскі асқа кетті. Жаңа айттық, орынбасарына. Түстеніп жатырмын деді,сосын басқа жаққа кететінін айтты.
Тәртіп сақшылары сегіз жасар Рустам Вагаповтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғаған. Қаралы отбасы кінәлілер өз жазасын алады деп үміттеніп отыр.
Loading...