Ақтөбеде 83 жастағы зейнеткер терезеден құлап мерт болды

"30 қазан күні сағат 08:35-те полиция бөлімшесіне қаладағы Әбілқайыр хан көшесінің бойындағы үйдің маңайында 83 жастағы қарияның денесі жатқаны айтылды. Ол өз пәтерінен секіріп кеткен", - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.