Темір-терсек сатып күнелтіп жүрген олардың көзіне істен шыққан мына кәріз құбыры түседі. Олар диаметрі адам сыятындай құбырды ойып, кейін кесектеп қиып алмақ болған. Алайда, ішіне енген бойда төртеуі естерінен танып құлай бастайды. Құтқарушылар келген кезде тек ойыққа жақын жерде жатқан төртінші жігіттің ғана кеудесінде жан бар екен. Қалғандары үш ағайынды тіл тартпай кеткен. Мамандардың айтуынша, коммуналдық мекеме былтыр жарамсыз деп таныған бұл кәріз құбырына метан газы жиналып қалған.
Бауыржан Сыздықов, Ақтөбе облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
- Қазіргі таңда енді адамнан қулық артылмайды дейді ғой енді астынан барып, жерді қазып құбырдың ішіне түсіп, сол құбырды өздерінің құралдарымен сындырып өткізумен айналысқан. Осындай жаупкершіліксіз жағдайдың салдарынан үш адам қаза тауып отыр. Біреуі ауруханада.