Ақтөбеде әкесі өзінің 1 жасар баласын көлікпен қағып кетті

Полиция мәліметінше, оқиға 7 тамыз күні орын алған. Бау-бақша ұжымындағы өз үйінің ауласында 48 жастағы Opel Astra автокөлігінің жүргізушісі артқа жүремін деп бір жастағы баласын қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала басынан ауыр жарақат алып, шұғыл түрде облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды.

Өз кезегінде Ақтөбе облысының полиция департаменті жолдарда және аулаларда қырағы болуды өтінді.