Тексеру кезінде дерек расталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.
Қалалық прокуратура таратқан мәліметке сүйенсек, хабарлама түскен соң прокурорлар қорғаншылық және қамқоршылық органы, Ақтөбе облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы өкілдері, полиция және медицина қызметкерлерін ертіп, тексеру жүргізді.
«Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу арқылы № 1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінің балаларды ұрып-соғу фактісі анықталды. Осы факті бойынша Ақтөбе қаласының прокуратурасы қылмыстық іс қозғап, тергеу үшін Ақтөбе қаласының полиция басқармасына жолдады»,- деп жазылған хабарламада.