Ақтөбеде алқа билер қылмыскерді ақтап жіберген

Облыстық сот алдында жиналған марқұмның туыстары алқа билердің 2 бірдей куәгердің сөзіне құлақ аспағанын айтады. Тіпті, сот алдында жауап берген жігіттің ағасы куәгерлердің біріне қысым көрсеткен. Қазір енді күдіктінің сол туысының өзі істі болып жатыр. Соттың әділ өткеніне прокурорлар да күмәнмен қарайды. Себебі, алқа билердің құрамында болған бір адамның өзі, қалған үшеуінің туған бауырлары қылмыс жасап сотталған екен. Айыпталушының ата-анасы да бірнеше ай бойы қаза тапқан жігіттің отбасынан кешірім сұрап мазасын алған. «Мұның өзі кімнің қылмыскер екендігін айғақтап бермей ме?» дейді ашынған ана.


Айнаш Тілекова, марқұм Т. Қуанбайдың анасы

-Жап-жас өмірді қыршын қиып тұрып, қалай тайраңдап өмір сүреді? Оны тәрбиелеген ата-ана қалай жүреді? Қаншама ақша тығып, балама кешірім бере гөр дегенде жақсы. Енді сотқа келгенде бәрі ақ, судан таза. Менің балам бәрінен ақ  деп шықты. Балдарын ақтап алуға күш салып алқа билердің қарауына берді.