Ақтөбеде "Альянс Банктің" облыстың бөлімшесінің бұрынғы жетекші маманы алаяқтық үшін бес жылға бас бостандығынан айрылды

"Ақтөбе қаласының соты "Альянс Банктің" облыстың бөлімшесінің бұрынғы жетекші маманын айыпты деп тауып, ҚР Қылмыстық кодексінің 177-ші бабының 3-ші тармағының "б" бөлімі бойынша ( қызмет бабын пайдалана отырып, айламен адамның сеніміне кіріп, біреудің мүлкін иелену) бес жылға бас бостандығынан шартты түрді айырды. Сонымен бірге, сотталушы өз әрекетінен зардап шеккен адамдарға 1,4 млн теңгені қайтарып беруі керек", - деп хабарлады департаменттегілер.

Қаржы полициясының ақпараты бойынша, сотталған азамат банктің проблемалық несиелер бөлімінде жұмыс істеп 2007 жылдың сәуірінен мамыр айлары аралығында банктің компьютерлік деректерін пайдалана отырып, банктің төленбеген қарыздары бойынша жалған құжат жасап, кассалық шығыс ордеріне клиенттердің қолтаңбаларын өзі қойып, кассадан ақша алып отырған. "Сөйтіп, айыпкер бір айдың ішінде 1,4 млн теңге мөлшерінде басқаның мүлкін иемденіп кеткен".