Ақтөбедe анасы мен әжесі жаңа туған қыз баланы пәтерге айырбастамақ болған


24 жастағы қыз оң босағада отырып жүкті болып қалған екен. Мұны естіген анасы басында ашуланып, кейін сәбиден сатып құтылуды жоспарлапты. Сөйтіп қызы босанбай тұрып бала алатындарды іздестірген. Суыт хабарды естіген полицейлер бірден іске кірісіп, баланы сатып алушы кейпінде барады. 1 млн 600 мың теңге деп бағасына да келіскен. Безбүйрек ана мен әже сол ақшаны алып жатқанда қолға түсті. Енді бұл екеуі ұзақ уақыт бостандық көрмейді. Ал тумай жатып, туыстары жеріп кеткен бала жетімдер үйіне жөнелтілген.