Оның 19 жастағы досы да күдікке ілінген. Қазір екеуі тергеу изоляторында отыр.
Алматы аудандық прокуратурасының хабарлауынша, әйелді өз үйінде пышақтап өлтірген. Күдіктілер бұл туралы полицияға кеш хабар берген. Анасын өлтіруге не себеп болғаны белгісіз. Белгілісі, жасөспірім жасы 16-да болса да, кешкі мектептің 5-сыныбында оқыған.
Тергеу жұмыстары аяқталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді.
"Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасы 16 жастағы қыз бен 19 жастағы жігітке қыздың анасын өлтіргені үшін айыптау актісін жасады. Сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде айыпталушылар қылмысты жасағанын бірнеше күн өткеннен кейін хабарлағаны анықталды", - деді Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуратурасының бөлім аға прокуроры Әсел Өтенова.
Айыпталушылардың іс-әрекеті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сараланды.